Жаңалықтар

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.07.2023 10:01 577

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген Халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы Яссауи Ағытаевтың  «Дәстүрге толы өмір» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Аталмыш көрме ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Алиев келіп құттықтау сөзін айтып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлының сәлемін жеткізді.

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

«Дәстүрге толы өмір» көрмесі суретші Я. Ағытаевтың шығармашылық жұмыстарын қамтиды. Суретші картиналары Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, ҚР Ұлттық музейі, Өскемен қаласының тарихи-өлкетану мұражайы, Қызылорда тарихи-өлкетану мұражайы қорлары мен Ресей, Америка, Канада, Франция, Германия, Кипр елдерінің жеке коллекционерлерлерінің қолында сақталған. Көрмеге автордың «Табиғат сыйлығы», «Туған жер», «Көкпар», «Саумал», «Той дайындығы», «Әңгіме», «Нан илеу», «Еске алу», «Күн батар алдында», «Тәтті шай» секілді 71 дана картинасы қойылған.

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Суретші көрмені ұйымдастыруға атсалысқан Ұлттық музейге, көрермендерге алғысын жеткізді:

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Көрмеге соңғы жаңа жұмыстар қойылды. Өйткені, уақыт өткен сайын өнер де өзінің өзгерісін байқатады. Халықтың талабы, адамзат ақыл-ойының өрісі – жаңашылдықты жақсы көреді. Сондықтан мен жаңа жұмыстарды көрсетейін деп ұйғардым. Көрмеге 71 жұмыспен қатысып отырмын. Көрермендердің ықыласы, олардың көп келуі мені қуантып отыр. Мен өзім ауылда өскендіктен ұлттық жанрды ту етіп ұстап келемін. Суретші картинада өзінің жақсы білетін тақырыптарын ғана сөйлету керек. Тарихи жанр бар, пейзаж болсын, мейлі портрет жанры болсын бәріне бұрылуға болады, бірақ адамның өмірі қысқа болғандықтан осы тұрмыс-салт жанрының өзі өмір бойы жететін тақырып. Сурет өнерінде адам көру арқылы өмірге көз жүгіртеді. Мен ашық бояулармен сурет салғанды жөн көремін. Осылай болуы да керек сияқты. Күңгірт бояуды баттастыра бергенше қуанышты, өмірді бейнелейтін жақсы бояуларды қолданамын. Ол – адамның көңілін көтереді, арман-мұратына жетелейді,- деді Яссауи Ағытаев

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Яссауи Ағытаев ғасырлар бойы көшпенділер мұрасы мен Орталық Азияның түрлі мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтардың бай палитрасын қамтитын қазақ әдет-ғұрыптарына арналған жанрлық композициялардың шебері. Оның картиналарындағы көркемдік формалар дәстүрлі күнделікті өмірден бастау алады. Суретшінің картиналарында көрсетілген көріністер қоғамның мәдени сипаты мен құндылықтары туралы түсінік береді. Шебер шығармашылығының әрбір элементі қазақ халқының өмірімен, туған өлке табиғатының қайталанбас әсемдігімен тығыз байланысты. Бұл көрме қарапайым адамдардың өмірінің энциклопедиясына иллюстрация бола алады. Суреттерде жиі бейнеленген саз балшық уақытты тоқтатуға және мұқият тыңдауға итермелейді.

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов суретшілердің шоғыры көп шыққан Сыр өңірі туралы, Я.Ағытаевтың шығармашылығы жөнінде ойымен бөлісті:

Яссауи Ағытаев – Сыр бойы суретшілерінің арасындағы өзіндік өрнегі бар суретші. Бүгін алғаш рет Ұлттық музейде жеке сурет көрмесін ұйымдастырып отыр. Әрине, бұған дейін де көрмелерге қатысып тұрған, алайда бұл көрме ағамыздың 53 жылдық шығармашылық ғұмырындағы есебі десек болады. Бүгінгі көрмеден байқағанымыз ағаның шығармаларындағы композициялық құрылымдардың күрделілігі, сан түрлі палитра арқылы өткен дәуір мен бүгіннің арасындағы сабақтастықты көрсете білуі жастардың бойындағы патриоттықты оятады. Жалпы уақытты өзінше тоқтатып, оқиғаны қиялымен қағаз бетіне түсіре алатын тек суретші ғана. Суретші қиялшыл болуы керек. Ағамыздың суреттерінен байқап отырғанымыз бүгінгі дәуір мен өткен заманды шебер байланыстыра білген. Қарапайым тұрмыстық заттардың өзіне жан бітіріп, оларды магиялық тұрғыда сипаттап, тылсым әлеммен байланыстырып отыр. Көп ізденгені көрінеді. Көрген-білгенін алпыс екі тамырының бойынан өткізіп, өз шығармаларында керемет бейнелеген,- деді Руслан Рүстемұлы.

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Экспозиция ҚР Ұлттық музейінің 6 қабатында орналасқан Уақытша көрме залында орналасқан. 2023 жылдың 28 шілде – 27 тамыз аралығында болады.

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Астанада Яссауи Ағытаевтың жеке көрмесі өтіп жатыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға