Жаңалықтар

Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды
Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Фото: kn.kz 05.10.2022 14:40 1417

Елорданың сол жағалауындағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар депаратменті бұл ақпаратты растады.

«Бүгін сағат 13:34-те Сығанақ көшесі, 20 мекенжайындағы үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде 16-қабаттың сыртқы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Сағат 14:08-де өрт толық сөндірілді», - деп жауап берді Төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға