Жаңалықтар

Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті

Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.05.2023 21:13 1085

Іс-шара аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ата-аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Форум Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаеваның басшылығымен өтіп, шараға ата-аналар комитеттерінің, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалы отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан шараларға тоқталып өтті.

Отбасы, ана мен баланы әлеуметтік қолдау мемлекеттің күн тәртібіндегі бірінші мәселе. Биыл қаңтар айынан бастап бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Сонымен қатар, бала дүниеге келгенде берілетін бір реттік жәрдемақының, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері артты. «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған аналарымызға мемлекет тарапынан арнаулы жәрдемақы қарастырылды. Мүгедектігі және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға тағайындалатын жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 14,5 пайызға қосымша өсетін болады, - деді Еңбек министрлігінің басшысы.

Форум қатысушыларына министр Отбасының цифрлық картасын таныстырып, қабылданған ҚР Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттарын айтып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға