Жаңалықтар

Астанада Ұлы дала көшесіндегі жол қозғалысы бір айға дейін шектеледі

Астанада Ұлы дала көшесіндегі жол қозғалысы бір айға дейін шектеледі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 17.09.2023 12:24 353

Астанада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай бойы көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлы Дала даңғылындағы көпірдегі деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16 қыркүйек және 15 қазаны аралығында жоғарыда аталған көпір арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады, - деді елорда әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кететін бір жайт, бұл ретте көпірдің бір жағы бойынша қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылатын болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға