Жаңалықтар

Астанада Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеуге уақытша жабылады

Астанада Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеуге уақытша жабылады
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 24.06.2024 13:19 359

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты 24-25 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады, оның ішінде Ұлы Дала даңғылы - А.Бөкейхан көшесінің қиылысы.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға