Жаңалықтар

Астанада үлкен көшенің маңызды бөлігі уақытша жабылды

Астанада үлкен көшенің маңызды бөлігі уақытша жабылды
Фото: instagram.com/akimat__astana 23.05.2024 03:12 352

Астанада Қабанбай батыр даңғылының маңызды бөлігі уақытша жабылды. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі таңда Қабанбай батыр даңғылының Достық және Қонаев көшелерінің аралығында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты 22 мамырдан 24 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Сығынақ көшесі аралығы толығымен жабылатынын хабарлаймыз. Сығанақ көшесі ашық" делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға