Жаңалықтар

Астанада Уәлиханов көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Астанада Уәлиханов көшесіндегі учаске уақытша жабылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.06.2023 14:11 523

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Уәлиханов көшесінде жолға орташа жөндеу жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 1-7 маусым күндері Уәлиханов көшесінің А.Кравцов көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп хабарлады жауапты басқарма.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға