Жаңалықтар

Астанада тұрғындарды ипотекаға үй алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды

Астанада тұрғындарды ипотекаға үй алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.11.2023 15:30 707

Астанада тұрғындарды ипотекаға үй алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығы туралы хабарлаған. Оның айтуынша, 28 жасар елордалық ипотекамен үй алып беруге көмектесемін деп жәбірленушінің 1 млн 300 мың теңге ақшасын алған.

Кейін, айтқан уәдесінде тұрмай, шалған қоңырауларын жауапсыз қалдырады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Аталмыш фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға