Жаңалықтар

Астанада Тұран даңғылы бойында қозғалыс ашылды

Астанада Тұран даңғылы бойында қозғалыс ашылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 07.03.2024 17:08 384

Қазіргі уақытта Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысатын аумақта магистральдық кәріз коллекторын салу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұран даңғылының бойымен көлік қозғалыс екі бағытта да ашық. Бақылау камераларын орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты қалаға Ұлы дала көшесі арқылы кіретін бағыт бойынша шеткі оң жақ жолақ және Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне қарай оң жақ бойында қозғалыс шектеледі. Бірақ бұл жалпы қозғалысқа әсер етпейді, өйткені қозғалыс екі бағытта да ашық.

Айта кету керек, бұл жобаны іске асыру елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамыту және тұрмыстық кәріз желілерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өте қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға