Жаңалықтар

Астанада тұңғыш рет бокстан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

Астанада тұңғыш рет бокстан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді
Фото: © Pexels.com 20.10.2023 00:08 751

Елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде 23 қазан-3 қараша аралығында өтетін бокс бәсекесінде сары құрлықтың 23 елінен ең мықты деген 500-ге жуық жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай Тайпейі, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия , Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан,Түрікменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия мемлекеттері бар.

Астанада тұңғыш рет бокстан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді
Астана қаласы әкімдігі

Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылы дүниеге келген балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста бақ сынайды. Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 2-3 қарашада анықталады.

Айта кетсек, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Азия чемпионатын 2016 жылы Павлодарда өткізген болатын.

Іс-шара ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға