Жаңалықтар

Астанада түнгі уақытта мешіттерге арнайы автобус қатынайды

Астанада түнгі уақытта мешіттерге арнайы автобус қатынайды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 11.03.2024 20:14 688

Астанада қалалық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев түнгі уақытта елорданың ірі мешіттерінен автобустар ұйымдастырылатынын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биыл Ораза айт мерекесі 10 сәуірге жоспарланған. Оразаның өзі 30 күнге созылады. 5-6 сәуірге қараған түні қасиетті Қадір түні деп белгіленді. 

Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді спикер.

Мәселен, әкімдік 11 наурыздан 9 сәуірге дейін халықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта елорданың ірі мешіттерінен автобустар ұйымдастырды (сағат 22.00-ге дейін):

-  «Әзірет Сұлтан» мешіті;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті;
- «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті;
- «Ырыскелді қажы» мешіті;
- «Рахымқызы Райса ана» мешіті.

Сонымен қатар, Рамазан айының күндерінде өзекті діни мәселелер бойынша «109» Call-center арқылы тәулік бойы ақпарат алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға