Астанада ТМД елдері ЖИ мамандарының арнайы форумы өтуі мүмкін

Астанада ТМД елдері ЖИ мамандарының арнайы форумы өтуі мүмкін
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді.

Президент цифрландыру рөлі артып, жасанды интеллектіні немесе суперинтеллектіні қолдану аясы кеңейіп келе жатқанына назар аударды.

Оның пайымдауынша, жаңа технологияларды игеріп, төл әзірлемелерін енгізу ТМД елдері экономикасының бәсекеге қабілетін айқындайтын негізгі фактор болмақ.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект стратегиясы, заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді. Оған ғылыми орталықтар, университеттер, компаниялар мен стартаптар қатыса алады.

Сондай-ақ Президент келесі жылдың алғашқы тоқсанында Астанада ЖИ саласы мамандарының ТМД аясындағы арнайы форумын өткізуді ұсынды.

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтудің маңызына тоқталды. Өйткені адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынас, өзара сенім, ұқсас менталитет, сондай-ақ орыс тілі ТМД-ның бірегей сипатын паш ететін ерекшеліктер саналады.

Қазақстанның ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшыларының мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдемесі қабылданды. Тамыз айында тұңғыш рет Астанада ТМД волонтерлер форумы өтті. Осы арада волонтерлік ұғымы немесе ізгі істер саясаты жаңа Конституциямызда көрініс тапқанын атап өткім келеді. Яғни волонтерлер конституциялық мәртебеге ие болды, соған сәйкес олардың қызметіне ерекше қамқорлық көрсетіледі. Бастамаларымызға әрдайым қолдау білдіретін әріптестеріме және ТМД елдері үкіметтерінің басшыларына алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз