Жаңалықтар

Астанада танымал ақынның 300 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

Астанада танымал ақынның 300 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 22.02.2024 02:36 435

Астанада Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп түрікмен әдебиетінің классигі, ақын, философ Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған салтанатты кеш өткізді.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан елшілері, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Роллан Құспан өз сөзінде көрнекті ақын, ойшыл Мақтымқұлы Пырағы тек түркі халықтарының ғана емес бүкіл әлем әдебиеті мен мәдениетінің тарихында ерекше орын алатынын атап өтті.

Биыл философтың 300 жылдығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтеді. Ұлы ойшылдың мерейтойы біз үшін маңызды. Мақтымқұлы Пырағы поэзиясының тарихы, тілі және мәдениеті қазақ халқына өте жақын, - деп атап өтті ҚР МАМ архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан.

Өз кезегінде Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі Батыр Режепов мерейтойды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, түрікмен тілінен қазақ тіліне аударылған «Мақтымқұлы Пырағы» өлеңдер жинағын Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының қорына тапсырды.

Мерейтойлық іс-шара аясында ақынның түпнұсқа қолжазбалары мен поэтикалық жинақтарынан көрме ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға