Жаңалықтар

Астанада такси қызметінің құны 6000 теңгеге жетті

Астанада такси қызметінің құны 6000 теңгеге жетті
Фото: Pixabay.com 17.04.2023 10:02 856

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада такси бағасы шарықтап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, желі қолданушысы Қошқарбаев көшесінен Кенесары даңғылына дейін 3000 теңге төлеп жеткенін жазған.

Ал Қарөткел ауылынан сол жағалауға жету тіпті 6-8 мың аралығында болып тұр.

Қала тұрғындары мұндай бағаға Астанадан Бурабайға барып келуге болатынын айтып шағымданған.

Әрі такси қызметінің мобильдік қосымшалары тапсырысты тек төлем картасы мобильдік қосымшаға байланған тұтынушылардан ғана қабылдайды.

WhatsApp әлеуметтік желісінде «қысқы дөңгелексіз қалаға шықпаңыздар» деген хабарлама тарап жатыр. Хабарлама авторының айтуынша, қалың қардан жүру мүмкін емес. Қысқы дөңгелексіз көлік тайып кетуі мүмкін.

Қазақстанда кеше, 16 сәуірде, 41 жол-апаты тіркелді.

Ішкі істер министрлігінің хабарына қарағанда, 41 жол апатынан 46 адам жарақат алған, 5 адам қаза тапты.

Статистикаға адамдар зардап шеккен жол апаттары енгізілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға