Жаңалықтар

Астанада тағы да өрт: Бұл жолы жиһаз жасайтын цех отқа оранды

Астанада тағы да өрт: Бұл жолы жиһаз жасайтын цех отқа оранды
Фото: Видеодан кадр 17.02.2024 12:00 600

Астанада Республика даңғылы бойында цехта өрт шықты. Оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Өрт сөндірушілер сағат 09-36-да қызыл жалынды сөндіруге жолға шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктер шақырту бойынша мекенжайға келгеннен кейін алдын ала болжам бойынша цехтың 60 шаршы метр алаңында корпустық жиһаз дайындамалары, жабдықтар мен жиһаз станогының өртенгенін анықтаған. Қызыл жалын сағат 10.37-те толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 44 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды.  

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға