Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды.Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қожабаева Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылы ақпан айында тағайындалған.