Жаңалықтар

Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.06.2024 07:17 257

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 25 маусым сағат 00:00-ден 28 маусымға дейін аталған учаске толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға