Жаңалықтар

Астанада су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Астанада су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі 03.02.2024 17:52 460

Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Сарыарқа ауданының тұрғындарына су тасқыны туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысты аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған. Іс-шараға еріктілер де қатысты. 

Тұрғындар арасында біз үй маңындағы аумақты қардан уақытылы тазарту, мұздан және қоқыстан тазарту, қажет болған жағдайда ағынды суларға жаңа су бұрғыштар жасау қажеттігі туралы түсіндірме парақшалар таратамыз. Сондай-ақ су тасқыны болса, парақшаларда ұсыныстар көрсетілген, – деді Сарыарқа ауданы әкімінің Агроқалашық елді мекені бойынша бас инспекторы Нұржан Сәрсенбаев.

Төтенше жағдайлар департаменті қар еріген кезде су тасқыны бірінші кезекте жеке үйлерге қауіп төндіретінін атап өтті. Сондықтан олардың тұрғындарына маңызды құжаттарды алдын ала жинап, жертөлелерден азық-түлік алып, бағалы заттарды жоғарғы қабаттарға немесе шатырға көшіру ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға