Жаңалықтар

Астанада шығыс медицинасына жүгінген тұрғын қайтыс болды

Астанада шығыс медицинасына жүгінген тұрғын қайтыс болды
Фото: © iStock 28.11.2023 16:01 1006

Дәстүрлі емес шығыс медицинасы бойынша ем алған тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктінің тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ бұрын соңды медициналық қызметпен айналысқан.

Ұйықтай беру, әлсіздік шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған. Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды, - делінген Астана қалалық прокуратура ақпаратында.

Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды. Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға