Жаңалықтар

Астанада шетелдік қонақтардың қатысуымен Nauryz ball өтті

Астанада шетелдік қонақтардың қатысуымен Nauryz ball өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.03.2024 11:23 361

Астанада дипломатиялық корпус өкілдері мен шетелдік қонақтардың қатысуымен Nauryz ball мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Аталмыш шараның өтуіне ұйытқы болған – Мәдениет және ақпарат министрлігі. Мерекелік кеште ұлттық нақышта киім кииген қыз-жігіттер қазақтың ұлттық ойынын ойнап, салт-дәстүрін көрсетті.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекет басшысы сөз еткен негізгі тезистерді атап өтті. Сонымен қатар министр мәдени мұраны насихаттау мен оны әлемдік аренада таныту мақсатында министрлік тарапынан жасалған жобаларға тоқталды.

Астанада шетелдік қонақтардың қатысуымен Nauryz ball өтті

Фото: Артем Чурсинов

Құрметті қауым, дипломатиялық корпус өкілдері бүгін біз сіздермен көктемнің шуақты мерекесі тақырыбында жүздесіп отырмыз. Наурыз мейрамы - бес мың жылдан астам уақыт тойлап келе жатқан жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Наурыз мейрамының маңызын арттырып, мазмұнын айтарлықтай байыту шаралары қолға алынып жатыр. Биылдан бастап Қазақстан оны жаңа форматта, жаңа ерекшелік элементтерін енгізу арқылы атап өтуді бастады, – деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Мерекелік іс-шарада Қазақстандағы тұңғыш көпұлтты «Birlik» ән-би ансамблі де өнер көрсетті. Ұжым көпұлтты бірлік пен мәдениетаралық диалогтың бірегей үлгісін көрсетті. Ол 2024 жылы әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі музыка мен биді дәріптеу мақсатында құрылған.

Сондай-ақ кеш қонақтарына бірнеше ай бұрын құрылған «Zhoshy» фольклорлық ансамблі таныстырылды. Ансамбль мүшелері желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық сияқты сирек кездесетін музыкалық аспаптарда ойнайды. Олардың шеберлігі мен таланты қазірдің өзінде көпке танылған, жақын арада шығармашылық ұжым Қытайда гастрольдік сапарға барып, өнер көрсетеді.

Дипломатиялық балдың құрметті қонақтары да қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Астанада шетелдік қонақтардың қатысуымен Nauryz ball өтті

Фото: Артем Чурсинов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға