Жаңалықтар

Астанада «Шәмші Әлемі» концерт-спектаклі өтеді

Астанада «Шәмші Әлемі» концерт-спектаклі өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 24.11.2023 17:36 597

Елордада QAZAQSTAN ОКЗ-да 2 желтоқсан күні «Әлем» концерт-спектаклі өтеді. Музыкалық кеш барысында көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жобаның авторы – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы Мұхтар Қалдаяқов. Халық композиторы жазған әндерді «Астана Операның» жетекші солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жеңімпаздары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Салтанат Ахметова, Бибігүл Жанұзақ, Медет Шотабаев, Абай атындағы ҚазҰТЗУ солистері, сол сияқты халықаралық вокалдық конкурстардың лауреаттары Балуан Беркенов, Тахауи Рахметов, Фархад Кубиев, Дархан Жолдыбаев, Мадина Ерланова, республикалық және халықаралық вокалдық конкурстардың лауреаттары Бақтығүл Бисембаева, Сафия Кәрімова және т.б. орындайды.

Композитордың өмірбаянына негізделген концерттің премьерасы эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. Көрермендер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен жұрт біле бермейтін оқиғаларды біліп, «Қазақстан» ТРК» алтын қорынан» әндерінің сирек кездесетін аранжировкаларын тыңдайды. Сондай-ақ, кеш бағдарламасында еліміздің ең үздік ұжымдарының бірі Vivat Балет шоуының орындауындағы би нөмірлері бар.

Жобаның бас режиссері Андрей Еремин (Украина), Қазақстанда «Алматы - менің алғашқы махаббатым» фестивалі, ЭКСПО 2017 «Ритма Астана» шоуы және т.б. жобалары бойынша танымал.

Қоюшы-режиссер – Надежда Еремина (Украина), Украина, Қазақстан, Германия, Италия, Австрия, Жапония, Түркия елдеріндегі би шоуларының қоюшысы.

Концерт 2 желтоқсан күні сағат 19:00-де өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға