Жаңалықтар

Астанада серіктестіктің қаржысын букмекерлік кеңсеге ұтылған қызметкер сотталды

Астанада серіктестіктің қаржысын букмекерлік кеңсеге ұтылған қызметкер сотталды
Фото: Әлеуметтік желіден 07.12.2023 03:40 474

Астана тұрғыны қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен 7 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 5 жыл коммерциялық ұйымдарда материалды-жауапты лауазым атқара алмайды. Оған ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Сотталушы К. серіктестікте IT маман ретінде жұмыс істеген және материалдарға жауапты адам болған.

Сөйтіп өзіне сеніп тапсырылған құны 57 млн теңгеден асатын ұйымдастыру техникасын талан-таражға салып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерге жұмсап жіберген.

Сотталушы апелляциялық шағым беріп, тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрады. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы К-нің өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны дәлелденгенін және жазаның кінәлі адамның жеке басына және туындаған зардаптарға сәйкестігін ескере келе үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сотталушы компанияға келген залалды өтеген жоқ. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға