Жаңалықтар

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 16.01.2024 04:14 521

2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» 288 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 247 нұсқама берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

  1. «NAK development» ЖШС;
    2. «БазисДоСтрой» ЖШС;
    3. «КСМК-АФ» ЖШС;
    4. «DBK-Engineering» ЖШС;
    5. «Пропилон» ЖШС;
    6. «ANA Astana» ЖШС;
    7. «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС;
    8. «X-clusive Qurylyus Group» ЖШС.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға