Жаңалықтар

Астанада сайлау учаскесін қалай анықтауға болады?

Астанада сайлау учаскесін қалай анықтауға болады?
Фото: El.kz 20.02.2023 17:07 1586

Елімізде 2023 жылдың 19 наурыз күні - Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін Астанадағы сайлау учаскелері жайлы ақпаратты төмендегі анықтама негізінде ала аласыздар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Астанада сайлау учаскесін қалай анықтауға болады?

Сайлау учаскелерін анықтаудың бірнеше тәсілі бар:

Біріншісі, https://sailau.astana.kz/  сілтемесі арқылы өтіп, өз ЖСН-іңізді теру арқылы білу;

Екіншісі, Telegram қосымшасын телефоныңызғы жүктеп, https://t.me/sailau_astana_bot сілтемесі арқылы чат-ботқа жазу;  

Үшіншісі, телефоныңызға Smart Astana мобильді қосымшасын жүктеп, сайлау учаскесі жайлы ақпарат алу; 

Төртіншісі, 109 телефон нөмірі бойынша хабарласып, IKomek бірыңғай байланыс орталығынан көмек сұрау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға