Жаңалықтар

Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды

Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.06.2023 16:37 964

Астана қаласы "Beeline Arena" спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия және Океания чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжановтың айтуынша, аталған турнирге еліміздің спортшылары сақадай-сай дайын.

Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Елімізді және Астана қаласының имиджін халықаралық аренада насихаттау басты мақсаттарымыздың бірі. Чемпионатқа елімізден 24 мүмкіндігі шектеулі спортшы, 126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошымыз қатысады. Дайындығымыз өте жоғары деңгейде. Алғашқы орындардан көрінетінімізге сенеміз - деді Айдос Ақжанов.

Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Самбодан Азия және Океания чемпионаты Қазақстан жерінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, самбодан зағиптар мен нашар көретіндер арасында Азия және Океания чемпионаты бірінші рет өтеді.

Турнир өте жоғары деңгейде өтетініне күмәнім жоқ. Қазақстанның ауқымды жарыстарды өткізуде тәжірбиесі бар ел. Айта кету керек, бұл сайыстың жеңімпаздары Сауд Арабиясы Әр-Рияд қаласында өтетін дүниежүзілік жекпе-жек ойындары қатысуға жолдама алады, - деді Самбо Азия одағының президенті Аламжон Муллаев баспасөз жиында.

Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Айта кетейік, дүбірлі додаға әлемнің 30 елінен барлығы 600 спортшы қатысады. Байрақты бәсеке 11 маусымға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға