Астана қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің әр өңірінен келген тәжірибелі спортшылар мен жас таланттар қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған чемпионатта Әлібек Назеркеш керемет нәтиже көрсетіп, бірнеше сайыста жүлдегер атанды. Атап айтқанда:
60+60 метрлік жекелей сайыста – алтын медаль.
50+50 метрлік жекелей сайыста – күміс медаль.
Командалық МІХ санатында – күміс медаль.(Махмед Сұңғатпен бірге)
Олимпиадалық айналымда (ОК) – күміс медаль.
Жарыс барысында Назеркеш шеберлігін, тұрақты дайындығын және жеңіске деген жігерін дәлелдеп, ұлттық құраманың болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Айта кетейік, ел чемпионаты — алдағы халықаралық жарыстар алдында маңызды сынақ алаңы саналады.