Жаңалықтар

Астанада «С5+1» форматындағы кездесу басталды

Астанада «С5+1» форматындағы кездесу басталды
Фото: telegram.org 28.02.2023 16:58 1084

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматында министрлік кездесуі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық пен Орталық Азияның АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

«Қазақстан өзінің көпвекторлы және салмақты сыртқы саясатын жалғастырады. Осы тұрғыда Орталық Азия да, АҚШ та біз үшін негізгі басымдықтар болып табылады. Осы орайда «С5+1» форматы одан да өзекті болып отыр. Біздің ұжымдық күш-жігеріміздің арқасында «С5+1» форматы маңызды құралға айналды. Ол біздің елдерімізді экономикалық және сауда байланыстарын нығайту және орталық мәселелерді тиімді шешу үшін біріктіреді», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға