Жаңалықтар

Астанада «Роза Бағланова» мюзиклі өтеді

Астанада «Роза Бағланова» мюзиклі өтеді
Фото: «Astana Musical» мемлекеттік театры 30.04.2024 00:22 340

9 мамыр күні Астанада «Роза Бағланова» атты мюзикл өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Astana Musical» мемлекеттік театрының мәліметінше, бұл мюзикл Оңтүстік Кореядағы «Daegu International Musical Festival» (DIMF) халықаралық мюзиклдер фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» атағын жеңіп алып, бас жүлдеге ие болған.

КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, күміс көмей әнші, ардақты Роза Бағланованың балалық және жастық шағы, сондай-ақ соғыс жылдарындағы қиын тағдыры, шығармашылық жолының қалыптасуына негіз болған өміріндегі шешуші сәттері жайлы баяндайды.

Театр өнерінің заманауи технологиялары, шығармашылық режиссерлік, музыкалық және ерекше хореографиялық шешімдер, ХХ ғасырдағы танымал әндер және соғыс жылдарындағы ерекше атмосфера ешкімді бейжай қалдырмайды, - делінген мәліметте.

Ал спектакльдің басты рөлін, яғни Роза Тәжібайқызының образын танымал, дарынды актриса, «Astana Musical» мемлкеттік театрының әртісі Жарқынай Ханайымның сомдауымен ерекшеленбек. Жарқынай «Рауза» сериалы, «Нотр-Дам де Пари» мюзиклы, №13 комедиясындағы рөлдері арқылы танылды.

Мюзиклдың композиторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский;

 Саунд дизайнер – Ақжол Өмірзақов;

Қоюшы-режиссеры – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин;

Қойылымның авторлары – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Айдын Сахаман және Әннәс Бағдат.

Өтетін орны – Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға