Жаңалықтар

Астанада Республика күніне орай үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды

Астанада Республика күніне орай үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 25.10.2023 18:48 665

Астанада Республика күніне орай Ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Әлмұхановтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Салтанатты іс-шараға елорданың қоғамдық кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Нұрдәулет Әлмұханов егемендіктің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қауымдастығы болып саналатынын атап өтті.

Республика күні – бұл жай ғана мереке емес, оның терең идеологиялық мазмұны мен практикалық маңызы бар. Айта кету керек, елордада 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрнекті нысандарға экскурсиялар, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттерін тарату және басқа да іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі аудандарда өтеді, сондай-ақ тұрғын алаптар аумағында, білім беру ұйымдарында және басқа да жинау орындарында ұйымдастырылады, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Ол сондай-ақ азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дұрыс бағытта дамыту – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Себебі азаматтық қоғамның белсенділігі адами капиталдың, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі алғышарттарының бірі болып саналады.

Іс-шара барысында үкіметтік емес сектордың ерекше көзге түскен өкілдеріне төсбелгілер, грамоталар және алғыс хаттар табыс етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға