Жаңалықтар

Астанада қысқы Универсиададан оралған жеңімпаздарды күтіп алды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті
Астанада қысқы Универсиададан оралған жеңімпаздарды күтіп алды
Фото: gov.kz 24.01.2023 13:03 1060

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен қысқы Универсиадада топ жарған биатлоншылар елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министр Саясат Нұрбек Астана қаласының әуежайында 2023 жылғы қысқы универсиададан жеңіспен оралған студент-спортшыларды қарсы алды. Сондай-ақ спортшыларымызды әуежайдан қолдаушылар, құшақ толы гүл шоқтары мен көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. 

«Біздің студенттік құрама қысқы Универсиадада керемет нәтиже көрсетті. 11 отандық жоғары оқу орнынан 78 спортшы 10 спорт түрінен жарысып, 11 медаль жеңіп алды. Биатлоншылар екі «алтын», «күміс» және «қола» жеңіп алды. Трамплиннен секірушілер де жақсы өнер көрсетіп, отандық құраманың қоржынына тағы бір «алтын» мен «күміс» әкелді. Біздің шорт-трек спортшылары мен шаңғышылар да ерекшеленді. Сондай-ақ, шайбалы хоккей командасын ерекше атап өткім келеді. Олар топтық кезеңде үздіктердің қатарында болды. Ал «қола» үшін ойында Универсиада көшбасшылары – жапондықтарды жеңді. Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймын», - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

Еске салсақ, 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында ХХХ қысқы Универсиада өтті. Қазақстан Республикасынан жарысқа 78 спортшы спорттың 12 түрінен бақ сынады.

Жалпы командалық есепте біздің спортшылар 11 медальмен 11-ші орынға ие болды. Яғни үш алтын, төрт күміс және төрт қола еншіледі.
 
Биатлоннан Вадим Куралев пен Бекентай Тұрлыбеков, трамплиннен секіру бойынша Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды.
 
Құрамында Алина Ажгалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Әлішер Әбілқатимов өнер көрсеткен шорт-трек бойынша аралас құрама; биатлоншы Александр Мухин; құрамында Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Валерий Клименко, Санжар Жанисов, Антон Хван өнер көрсеткен биатлоннан ерлер құрамасы «күміс» алды.
 
Биатлоннан Александр Мухин; құрамында Айша Ракишева, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина өнер көрсеткен әйелдер командасы; шаңғы жарысынан Ксения Шалыгина; хоккейден ерлер құрамасы қола медальға ие болды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға