Жаңалықтар

Астанада қыс басталғалы 1,7 млн текше метр қар шығарылды

Бас қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Астанада қыс басталғалы 1,7 млн текше метр қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 11.01.2023 08:40 1116

Елорда көшелеріндегі қарды күреуге екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада бұл күндері жауын-шашын көп жауып, аяздың күшейгені белгілі. 

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды.

Астанада қыс басталғалы 1,7 млн текше метр қар шығарылды

10 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 мыңға жуық жол жұмысшы шықты, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 қаңтардан 10-ына қараған түні қаладан 1 673 текше метр қар немесе 204 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 1,7 миллион текше метрден астам қар немесе 138 мыңнан астам рейс шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға