Жаңалықтар

Астанада құрылысы он бір жыл бойы салынған тұрғын үй кешені тапсырылды

Астанада құрылысы он бір жыл бойы салынған тұрғын үй кешені тапсырылды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 05.02.2024 20:51 375

Астанада құрылысы 11 жылға созылған тағы бір нысан аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Нысанның өзі 2017 жылы проблемалы деп танылып, үлескерлер саны 200-ге жуық отбасыны құрады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram аккаунтында жазды. 

Нысанды ЕҚК-ге өткізу кезінде 4 және 7 қабаттары ғана салынған. Бұл үйді аяқтау үшін көптеген жүйелі жұмыстар, оның ішінде инженерлік желілер бойынша да жұмыстар жүргізілді. Бүгін төрт блоктың тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Ал бесінші блоктың үлескерлері жақын арада баспаналы болады. Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді. Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалады. Оларды осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтаймыз. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында, - деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға