Жаңалықтар

Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді

Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 29.05.2023 21:11 569

Астанада 16-18 маусым күндері ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарыс «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» бойынша өтеді. Әлем чемпионатына 30 елден 300-ден астам спортшы қатысады: Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Таиланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан.

Дүбірлі дода Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Басталуы: сағат 10:00-де.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға