Жаңалықтар

Астанада Қосшы тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Қосшы тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.10.2023 18:18 486

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қосшы тас жолының жол төсеміне жөндеу жүргізілуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жөндеу жұмысына байланысты 16-19 қазан аралығында Қосшы тасжолы бойынша ипподромнан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға