Астанада қоғамдық тазалықты сақтау бақылауға алынды

Астанада қоғамдық тазалықты сақтау бақылауға алынды
Фото: gov.kz

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Жетісу саябағында қоғамдық тәртіп пен көгалдандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды.

Басты мақсат – қоғамдық тазалықты сақтап, мәдениет пен әдеп қағидаларын арттырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу. Сондай-ақ қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – бұл жарқын келешекке қарай бет бұру екендігін аңғарту.

Есіл ауданы әкімдігі мен полиция қызметкерлері бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жетісу» саябағында рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында тұрғындарға тазалық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру, – деді іс-шараның мән-мағынасы жайында Астана қаласы Есіл ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.

Оқи отырыңыз