Жаңалықтар

Астанада қоғамдық монша өртеніп кетті

Астанада қоғамдық монша өртеніп кетті
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 03.12.2023 00:25 642

Астанада екі қабатты моншадан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап. 

Ағаштан салынған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт тараған аумақ – 150 шаршы метр. Сағат 22.06-да жалын толығымен ауыздықталды», - деп жазылған қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. 

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода өрт Тұран көшесінде орналасқан «Орлов моншалары» кешені екені айтылуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға