Жаңалықтар

Астанада Қарауыл көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім етті
Астанада Қарауыл көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 02.04.2023 16:46 753

Астанада Қарауыл көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол жүрү қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісу бойынша А.Молдағұлова көшесінен Б.Хмельницкий көшесіне дейінгі учаскедегі Қарауыл көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталатыны туралы мәлім етті. 

Осыған байланысты 2-7 сәуір аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша көлік қозғалысы жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға