Жаңалықтар

Астанада қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Астанада қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшысы шықты
Фото: gov.kz 26.01.2023 17:31 979

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Астанадан қыс мезгілінің басынан бері 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қыметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертең елордада қар тазалау жұмыстарына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

25-26 қаңтарға қараған түні Астанадан қар полигондарына 16 мың текше метрден астам қар немесе 1 274 рейс шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері Астанадан 2,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 212 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 26 қаңтар, бейсенбіде елордада екпіні 15-18 м / с дейін жел күшейеді деп күтілуде. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруы және көктайғақты болдырмау үшін көшелерге, тротуарларға, жолдарға құм-тұз қоспасы себіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға