Жаңалықтар

Астанада қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды

Астанада қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды
Фото: © El.kz 16.02.2024 19:02 460

Астанада қар тазалау жұмысына таңертеңнен бастап екі мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, өткен түнде, яғни 15 ақпаннан 16-сына қараған түні елордадан 15 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға мыңнан астам рейс жасалды.

16 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника шықты.

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 342 мыңға жуық рейс арқылы 4,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға