Жаңалықтар

Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды

Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 02.03.2024 13:21 426

Астананың коммуналдық қызметтері қаланың барлық бес ауданында қар күреу жұмысын күшейтуді жалғастыруда. Таңертеңнен бастап 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы көшелердің қарын тазалауға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2 наурыз күні таңертең Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

1 наурыздан 2-сіне қараған түні қаладан 25 мың текше метр қар немесе 1,9 мың ауыр жүк рейсі шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 414 мың жүк көлігі арқылы 5,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға