Жаңалықтар

Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды

Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды
Фото: ©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ 10.02.2024 17:24 350

Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,6 мыңнан аса арнайы техника шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайты.

10 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына қаланың коммуналдық қызметінің 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні елордадан 48 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3,4 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең. Қыс басынан бері қаладан қар полигондарына 309 мыңға жуық рейс, яғни 4,2 млн текше метр қар шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға