Жаңалықтар

Астанада қар күреуге екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

Қар мен мұздан тазартуға 1 мыңға жуық арнайы техника шықты
Астанада қар күреуге екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Фото: gov.kz 14.11.2022 12:04 1576

Қар мол жауғалы бері қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бүгін қар күреу жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

13 қарашадан 14-іне қараған түні елордадан арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылды, бұл 276 рейсті құрады.

Қыс мезгілінің басынан бері барлығы 2 815 ауыр жүк көлігі қала көшелерінен қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарды.

Бүгін елорданы қар мен мұздан тазартуға 2 300 жол жұмысшысы және 1 мыңға жуық арнайы техника шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға