Жаңалықтар

Астанада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім етті
Астанада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Фото: gov.kz 21.02.2023 12:56 641

Елордада коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазарту бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. 21 ақпан күні түстен кейін қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

21 ақпанға қараған түні елордадан 16 мың текше метрден астам қар немесе 1244 рейс шығарылды. Таңертеңнен бастап елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 269 703 рейс жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамы бойынша бүгін де қар жауады. 21 ақпанда елордада көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең қар, боран болады деп күтілуде. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, қалада оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 9-14 метр жел күтіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауды сұраймыз. Көлік жүргізу кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға