Астанада қала маңына қатынайтын бірқатар автобус тоқтатылды
![Астанада қала маңына қатынайтын бірқатар автобус тоқтатылды Астанада қала маңына қатынайтын бірқатар автобус тоқтатылды](/storage/storage/element/2023/12/11/mainphoto/80341/1200xauto_RSwj6FDMbIdtlzR6Nw079UFNmeXRQ3ASQjVzmTX8.jpg)
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
10.12.2023 09:05
745
Аязға байланысты Астана маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясына мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
10 желтоқсан күні сағат 05.00-ге өзекті ақпарат. Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда, - делінген мәліметте.
Сонымее қатар компания қоғамдық көлік қозғалысы туралы өзгерістерді @cts_kz парақшаларынан біліп отыруға кеңеа береді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)