Жаңалықтар

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 23.05.2024 12:42 345

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі уақытта Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылында, атап айтқанда, дөңгелек алаңның үстіндегі көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы жылдың 22-24 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойынша Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жол учаскесі толығымен жабылады.

Бұл ретте Сығанақ көшесі ашық күйінде қалып отыр.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды және аталған шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға