Жаңалықтар

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 15.06.2024 20:16 429

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 16 маусымы сағат 12:00-ден бастап 17 маусым сағат 07:00-ге дейін аталған учаскеде жол қозғалысын толықтай жабу арқылы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға