Жаңалықтар

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жабылады
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 18.06.2024 17:43 314

Астанада жол жөндеуге байланысты Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті.

Соған байланысты осы жылдың 18 маусымы сағат 21:00-ден 19 маусым сағат 21:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады (оның ішінде Керей Жәнібек хандар көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысы).

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға