Жаңалықтар

Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнирлер өтеді

Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнирлер өтеді
Фото: © Pixabay.com 17.07.2023 12:48 860

23 шілде – 6 тамыз аралығында Астанада Президент кубогі аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, биыл Президент кубогінде ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды.

Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар өнер көрсетеді. Бұл, әсіресе, жас теннисшілер үшін жақсы мүмкіндік.

Дәреже-деңгейі жоғары жарыста кезінде қазір әлемдегі үздік теннисшілердің қатарына кіретін Даниил Медведев (ATP №3), Андрей Рублев (ATP №7), Карен Хачанов (ATP №11), Себастьян Корда (ATP № 28), Роман Сафиуллин (АТР №43), Миомир Кецманович (ATP № 44), Макс Перселл (АТР №71) және басқа спортшылар бақ сынады.

Президент кубогі 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гарростың жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға