Жаңалықтар

Астанада пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды

Қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігі атынан сыйлықтар табысталды
Астанада пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды
Фото: gov.kz 18.02.2023 18:15 647

Елордада Қазақстанның әр өңірінен келген 120 пікірсайысшының қатысуымен турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сайыстың барлық кезеңі америкалық парламент форматы (AПФ) бойынша өтіп, үздіктер анықталды.

Қазақ, орыс және ағылшын лигаларында І орынды Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының командалары жеңіп алды.

Жеңімпаздарды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы құттықтады.

«Пікірсайыс - көшбасшы жастарды тәрбиелейтін ең мықты құрал, білімге жетелейтін алтын баспалдақ десек те болады. Сіздер екі күн бойы сынға түсіп қана қоймай, жаңа дос таптыңыздар. Жаңа орта қалыптасып, өз білімдеріңді таразыладыңдар. Қатысушылардың барлығын және жеңімпаздарды құттықтаймын. Сіздердің әрқайсың – ел тізгінін ұстайтын азаматсыңдар!», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері, «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Үздік сарапшы» номинациясының иегерлері мен қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігі атынан сыйлықтар табысталды.
 
Айта кетейік, қазіргі күні Республика бойынша 6726 пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Онда 120 мыңнан астам оқушы құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлауды, командада жұмыс істеуді үйренеді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға