Жаңалықтар

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Жәрмеңкеге Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен 10 аудан, 100 ауыл шаруашылығы өз өнімдерін ұсынды
Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  өтуде
Фото: Автордікі 15.10.2022 10:33 2214

Елордада әр апта сайын өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар облысының өнімдері әкелінді, деп хабарлайды El.kz.

Жәрмеңкеге Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен 10 аудан, 100 ауыл шаруашылығы өз өнімдерін ұсынды. Олар 520 тонна көлемінде, оның ішінде ет, сүт, көкөніс өнімін әкелді.

Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің қызметкері Нұрдәулет Қосман мұндай жәрмеңкелерді жыл сайын өткізіп тұратындарын айтты.

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  өтуде

«Біз жыл сайын түрлі жәрмеңкелерді өткізіп тұрамыз. Әр өңірге астаналық тұрғындарға тауарларын ұсыну үшін мүмкіндік береміз. Мынау биылға өтіп жатқан 9-шы жәрмеңке. Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы келсе, осы аптаға Павлодар облысын шақырдық. Жәрмеңке қазан айының соңына дейін жалғасатын болады», - деді.

Сондай-ақ Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қайта өңдеу бөлімі басшысы Әсемгүл Бектұрова елордада өтіп тұратын жәрмеңкеге үнемі қатысып тұрамыз дейді. 

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  өтуде

«Мұндай жәрмеңкеге Астана қаласы әкімдігінің шақыруымен жылына 1 рет қатысып тұрамыз. Былтыр 2 күн ішінде 10-15 000 адамдай келіп, қатысты. Биыл да жәрмеңкеде тұрғындар саны көп болады деп ойлаймын», - деді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға